Меню KDT
МЕНЮ






header-logo.png edumy











wave.svg








Мектеп директоры

Калтаева Гүлшат Заитқызы

Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Біліктілік санаты: «Педагог – зерттеуші», басшының І-санатты орынбасары.
Еңбек өтілі: 30 жыл
1995 – 2011 ж.ж. Қарағанды облысы Қарсақбай кенті кәсіптік техникалық колледждің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
2005 ж. Аталған колледжде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2011 ж. Астана қаласы №59 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
2016 ж. Астана қаласы № 84 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған.«Біз шырқаған және балаларымыз шырқайтын әндер» Жобасы, «Бауырсақ» мерекесі, «Кіші Отанға тағзым», "Бала үні" атты жобалардың, №84мектеп-лицейінің гимнінің авторы

 

         
         

1.jpg

Жетістіктер

Оқушылар сарайының жалпы статистикасы

  • 2114
Оқушылар саны
313
Түлектер саны
138
Мұғалімдер саны
3000
Жеңіп алынған олимпиадалар саны

Іс-шаралар мен оқиғалар

event1.jpg

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!💫 Болашақ мамандықтарға қызығушылықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған “DaraSkills” 3-4 сынып оқушыларына арналған қалалық чемпионатта “Жас аспаз”👩‍🍳 номинациясы бойынша 3”Б” сынып оқушысы Есім Алима АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.👏 Жетекшісі: Жақсыбай Айдана Қайратқызы

event1.jpg

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған «Бейбітшілік – ел тірегі» атты 5-сынып оқушылары арасындағы сайыс 30.04.2026 күні жоғары деңгейде өтті ✨Сайыс барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді 🎭

event1.jpg

30.04.2026 жыл «Қыран елім – Қазақстаным» атты патриоттық әндер байқауы өтті 🇰🇿 Мектебімізде 7-сыныптар арасында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру мақсатында «Қыран елім – Қазақстаным» атты патриоттық әндер байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

event1.jpg

27.04.2026 Бүгін мектебімізде «Дене шынықтыру және АӘжТД пән апталығының» салтанатты ашылуы жоғары деңгейде өтті! 🏃‍♂️ 27.04–30.04 аралығында өтетін апталықтың алғашқы күні ерекше көңіл-күймен басталды.

event1.jpg

27.04.2026 жыл №73 мектеп-лицейінде «Достық күні» және «Бірлік сабақтары» аясында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға бірлік пен татулықтың терең мәні, достық пен өзара сыйластықтың қоғамдағы орны туралы тағылымды ойлар айтылды. Сонымен қатар, сынып сағаты барысында әртүрлі танымдық және шығармашылық тапсырмалар орындалып, оқушылардың белсенділігі арта түсті.

event1.jpg

25.04.2026 жыл №73 мектеп-лицейде «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалалық сенбілік өтті. Сенбілікке жоғары сынып оқушыларымен қатар ұстаздар да белсене қатысты. Іс-шара барысында мектеп ауласы тазартылды және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

event1.jpg

18.04.2026 ж «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Әке – үлгі, әке – өнеге» қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өткізілді. Қала көлемінде ұйымдастырылған бұл маңызды шараға Сарайшық ауданынан №73 мектеп-лицейінің оқушылары мен олардың әкелері белсене қатысып, ағаш көшеттерін отырғызды.

event1.jpg

🚦 №73 мектеп-лицейінде «Қауіпсіз жол – балалар үшін SAFE ROAD KIDS» атты профилактикалық іс-шара өтті. Астана қаласы әкімдігінің «Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында мектебімізде жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған маңызды кездесу өткізілді.

event1.jpg

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2026 жылдық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша әдістемелік көмек көрсету және зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында №73 мектеп-лицейінде қалалық педагогтер қауымдастығының мүшелері қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, чек-парақ негізінде құжаттарға талдау жүргізді.

event1.jpg

16.03.2026 ж. мектебімізде кезекті бракераждық комиссияның тексерісі өтті. Тексеру барысында асхананың жұмысы, дайындалған тағамдардың сапасы, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы қарастырылды.

event1.jpg

16.03.2026 жыл Наурызнама онкүндігі аясында Мектеп парламенті ұстаздар мен оқушыларды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады. Таңертең мектеп парламентінің мүшелері ұстаздар мен оқушыларды жылы қарсы алып, ыстық бауырсақтар ұсынды.

event1.jpg

06.03.2026 жыл Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Садыкова Жадыра Ануаровна жоғарғы марапат- Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат- білім беру саласына сіңірген елеулі еңбегіңіздің, ұстаздық жолындағы кәсібилігіңіздің және жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан зор үлесіңіздің лайықты бағасы. Сіздің біліктілігіңіз, жаңашыл бастамаларыңыз бен көшбасшылық қабілетіңіз ұжым үшін әрдайым үлкен үлгі.

event1.jpg

21.02.2026 жыл мектебімізде Қамқоршылық кеңесі мен Әкелер кеңесінің ұйымдастыруымен «200 мектеп, балабақша – 4000 әке» челленджі өтті. Ерікті түрде әкелер балаларымен бірге мектеп ауласындағы қарды тазалап, ортақ іске өз үлестерін қосты.

event1.jpg

21.02.2026 жыл Астана қаласына қарасты № 73 мектеп-лицейінде ашық аспан астында “Мен және менің салауатты отбасым” атты отбасылық спорттық сайыс өтуде.

event1.jpg

19.02.2026 жыл Nº73 мектеп-лицейі “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы АҚПАН - ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЙЫ. 2026 жылғы 18 ақпан күні №73 мектеп-лицейінің мәжіліс залында «Шабыт» және «Еңбегі адал жас өрен» жобалары аясында «Тұлғамен жүздесу» атты тағылымды кездесу өтті. Аталған шараның қонағы — Қуандық Қапсаланұлы, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

event1.jpg

12.02.2026 жыл Nº73 мектеп-лицейі “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы АҚПАН - ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЙЫ. «Кітап – білім бұлағы» зияткерлік күні (9-сыныптар) Мектеп кітапханасында 9-сынып оқушылары арасында «Кітап – білім бұлағы» атты зияткерлік күн өткізілді.

event1.jpg

10.02.2026 жыл Nº73 мектеп-лицейі “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы АҚПАН - ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЙЫ. 📚✨ Балалар әдебиеті онкүндігі аясында “Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы” атты онкүндіктің 📖 бүгін апталық ашылуы өтті.

event1.jpg

06.02.2026 жыл Nº73 мектеп-лицейі “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы АҚПАН - ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЙЫ. 🌿 ECO OLYMPIAD 2026 🌿 Біздің ортақ үй — табиғатымызды қорғау әрқайсымыздың қолымызда! 💚 7–9 сынып оқушылары арасындағы экология білім сайысында болашаққа үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс айтамыз.🫶🏻🤍 Ұйымдастырушылар:Эко-қоғам фракциясы

event1.jpg

Астана қаласы ТЖД "Сарайшық" ауданы ТЖБ қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында хабарлайды: Температураның күрт төмендеуіне байланысты жылыту құралдарын, пештерді, газ жабдықтарын, электр желілерін және басқа да энергия көздерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау қажет. Атап айтқанда, жабдықтардың жарамдылығына назар аударып, оларды шамадан тыс жүктемеуге, өздігінен жасалған немесе ақаулы құралдарды қолданбауға, сондай-ақ пайдалану жөніндегі белгіленген талаптар мен нұсқаулықтарды сақтауға тиіс.

event1.jpg

2025–2026 оқу жылының III тоқсанынан бастап мектебіміздің асханасына қызмет көрсететін жеткізуші «АнИл» ЖШС болып ауысты. Осыған байланысты 12.01.2026 ж. мектебімізде кезекті бракераждық комиссияның тексерісі өтті.

event1.jpg

Мектебімізде «Қаржылық жауапкершілік» тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара ЦППР қызметі шеңберінде ұйымдастырылып, ата-аналарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша шағын дәріс өткізілді.

event1.jpg

Мектеп директоры Гульшат Заитқызының "Бала үні" жобасы

event1.jpg

ECO-QOLDAU Эко-конкурсы өтті

event1.jpg

Мектебімізде ұлттық құндылықтар күніне орай "Асық ату" челленджі өтті

Мектептің жаңалықтары мен оқиғалары

Мектептің соңғы жаңалықтары, оқиғалары мен іс-шаралары

Бізбен байланыс

Address

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, А 191 көшесі, 2-үй

Phone

8 (7172)98-61-22