Меню KDT
МЕНЮ
header-logo.png edumy

Жаңалықтар

Главная Жаңалықтар

«Ұлыс күннің шапағаты осындай»

«Ұлыс күннің шапағаты осындай» атты мектепішілік

Наурыз мерекесінің өткізілуі туралы қорытынды

Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі мектебімізде жоғары деңгейде атап өтілді. Екі күнге созылған мерекелік іс – шара бастауыш, орта буын, жоғары сыныптар арасында ауыларалық сайыс деңгейінде ұйымдастырылды.

Алғашқы күні Астана қалалық «Жастар» театрының ұйымдастыруымен 1 – 2 сынып оқушыларына арналып, «Армысың, әз Наурыз!» атты қойылым тамашаланды. Балалардың бұл қойылымнан алған әсері ерекше.

Наурыз тойы бастауыш сынып мұғалімдері Бапанова Гүлжан Кобландыевна және Тілеубай Индира Маратқызының ұйымдастыруымен бастауыш сыныптар (3 – 4 сынып) арасында мерекелік кешке ұласты. Ауыл – ауылға бөлініп, ән айту, күй шерту, салт – дәстүрден көрініс көрсету кезеңдері бойынша сайысқа түскен ауылдар өте жоғары деңгейде наурыз мерекесін тойлады. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан, өнерлілер мен шеберлер ұйымдасқан Нурмаханова Нұргүл Алимбаевна жетекшілік ететін 4 «Ә» - сыныбының оқушылары мен ата – аналары бас жүлдені жеңіп алды.

Наурыз мейрамы қарсанында қайырымдылық шаралары өткізілді.

Наурыз береке-бірліктің, қайырымдылықтың, кешірімнің мейрамы. Ата-бабаларымыз бұл мейрам кезінде жарлы-жақыбайға қайырымдылық жасауды да ұмытпаған. Қазақтың байлары «шүлен тарату» дәстүрін жасап, кедей-кепшікке мал-мүлік, бұйым үлестіріп, тегін ас таратқан. Бұл халқымыздың  жомарттығының көрінісі саналатын дәстүр.

Армысың, әз – наурыз!

ҰлыстыңұлыкүніНаурызмерекесінеорай, ауыл - ауылбопсайысқансыныптарсалт - дәстүрденкөрініскөрсетіп, күйтартып, әнәуелетті. БіздіңұжымныңНаурызтойыбарлықсалт - дәстүріміз бен ұлттыққұндылықтарымыздәріптелгенұлы той деңгейіндетойланды.

Мектеп барысы - 2016

Мектепбарысы - 2016

"Өнерлі қыз, өнегелі ана"

"Өнерлі қыз, өнегелі ана" байқауы

Көктем аруы - 2016

Қыздардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Сахнада өзін- өзі ұстау, сөйлеу мәдениетіне баулу, қазақтың ардақты аналары мен аруларының өнегесін үлгі ете отырып, қазақылыққа, салт- дәстүрімізге, ұлттық танымымызға сай тәрбиелеу мақсатында 7 – 8 – 9 сыныптар арасында «Көктем аруы – 2016» байқауы ұйымдастырылды.

Алғыс айту күні.

2016 жылы 29 ақпанда №73 мектеп-лицейде өткен « Татулықтың туын тіккен –Қазақ елі»   атты кездесу туралы ақпарат.

2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Осы атаулы мерекеге байланысты №73 мектеп-лицейде «Татулықтың туын тіккен –Қазақ елі»   атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу-сұхбаттасу кешіне Қазақстан Халық Ассамблеясының мұшелері қонаққа шақырылды. Атап айтқанда , Шарипов Хасан Халматұлы –Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары ,өзбек ұлтының өкілі, Пириев Аскер –Түрік мәдени орталығының төрағасы,түрік үлтының өкілі, Ирина Тен-«Қазақстан телеарнасының тележүргізушісі, корей ұлтының өкілі.

"Астана Дарыны"

"Астана Дарыны" өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен "Ғасырдан ғасырға" байқауы өтті. Елордалық 82 мектептің арасынан суырылып шыққан 8 мектеп сахналық көрініс көрсетіп, өзара сайысты. Нəтижесінде біздің мектебіміз 3 орынға ие болды.  Оқушыларды дайындап, бəйгеге қосқан Гүлназия Ұзақбайқызына еңбегіңіз жана берсін дегіміз келеді

"Шаттық"

Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын дамытуға арналған «Шаттық – 2016» байқауы дәстүрлі түрде елордамызда жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы жылы біздің мектебіміз 13 номинация бойынша бақ сынаған болатын. Нәтижеміз де жаман емес. Жалпы есепте 1 күміс (Хамзина Тоғжан – «Фотосурет» номинациясы), 2 қола (Жұмахан Самғар – Аспаптық орындаушылық және «Театр» өнері номинациясы бойынша), 4 Диплом (Тұрсын Тұмар – «Вокал» жанры, Серікханұлы Әмірлан – «Аспапта орындау» жанры, «Жігерлі жігіттер» - ХОР номинациясы) иелендік.

"Айтатын саған сырым бұл..."

"Айтатын саған сырым бұл...". Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған əдеби - сазды кешіміз өте керемет деңгейде өтті. Ақынның əр алуан тақырыптағы өлеңдерімен көрермендерді баурай білген шəкірттерім Жанерке, Нұрсұлтан, Мұхтар, Мөлдір, Жиһангер, Əсет, Еркебұлан, Аяулым, Данияр, Жамиля, Талғар, əріптесім Гүлзира Батырханқызы, кіп-кішкентай Мадияр жарады. Ақынға арнап өлең жазған Бақберген, Айжан, Жиһангердің талабы таудай екенін көрдім. Алима, Диас, Тұмар əн салғанда, еріксіз өзім де қосылып, сахнаға ере шықтым. Маған бір жағынан Мұқағалидың өлеңдері қанат бітірсе, екінші жағынан шəкірттерімнің қара өлеңге деген құрметі еріксіз бас идірді. Осындай шəкірттеріммен мақтанамын... қазақ болғаныма, Мұқағалидай "аққу-əнге айналған ақынның" ұрпағы екеніме мақтанамын!!!

Мұқағали атамыздың 85 жылдығына арналған кеш

Бүгін Мұқағали атамыздың 85 жылдығына арналған тағы бір керемет кешке қатысып, өнер көрсетіп қайттық. Астаналық ұстаздардан құралған өнерпаздар көрермендерге әсерлі кеш сыйлады деп ойлаймын. Тіл жанашыры, халық қалаулысы Оразкүл Асанғазы бастаған зиялы қауым өкілдері бұл кештің құрметті қонағы болды. Өлеңнің құдіретін танытатын әдемі кештер әркез жалғаса берсе екен деген ой ғана көкейде қалды. Білім басқармасының бастығы Эльмира Амангелдіқызының атынан Алғыс хат алып, марқайып қалдық. Бастысы, Мұқағали атамыздың өлеңдерінен шабыт алып қайттық.

"Бір сынып - бір жанұя"

Мектебімізде «Бір сынып – бір жанұя» атты ауқымды іс – шара қолға алынуда. Бұл іс – шараның мақсаты – мектеп пен ата – ана, оқушы арасындағы байланысты одан әрі бекіте түсу, сыйластықта, достықта болуға шақыру. Ақпан айының 5 – і күні 8 «А», 8 «Ә», 8 «Б» сыныптарының ата – аналары, балаларымен бірге мектеп ауласының қарын күреуге шақырылды.

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
«Ұлыс күннің шапағаты осындай»
21.03.2016
7.jpg
Наурыз мейрамы қарсанында қайырымдылық шаралары өткізілді.
19.03.2016
7.jpg
Мектеп барысы - 2016
19.03.2016
7.jpg
Армысың, әз – наурыз!
19.03.2016
7.jpg
"Өнерлі қыз, өнегелі ана"
18.03.2016
7.jpg
Көктем аруы - 2016
03.03.2016
7.jpg
Алғыс айту күні.
01.03.2016
7.jpg
"Астана Дарыны"
26.02.2016
7.jpg
"Шаттық"
22.02.2016
7.jpg
"Айтатын саған сырым бұл..."
20.02.2016
7.jpg
Мұқағали атамыздың 85 жылдығына арналған кеш
19.02.2016
7.jpg
"Бір сынып - бір жанұя"
18.02.2016